Жалған құжат жасаған: Тараздағы университеттен 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығарылды

Тараз өңірлік университетінен 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығарылды. Бұған жалған құжаттардың тапсырылуы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім алушылардың көпшілігі өз уақытында ҰБТ-да қажетті балл жинай алмағаны белгілі болды. Дегенмен олар тығырықтан шығудың ерекше жолын тапқан: шетелдік университеттерде бір семестр оқығаны туралы сертификаттар берді. Осылайша, олар оқу орнын «ауыстырған».

Қазір Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шетелдік университеттердің мөрлері мен қолдарының жаппай бұрмалануын тексеріп жатыр. Мұндай фактілер елдің басқа университеттерінде де болуы мүмкін.

«Биылғы оқу жылында бізге 400-ден астам студент пен магистрант ауысуға ниет білдірді. Біз бұл құжаттардың түпнұсқалығын тексердік. Олардың көпшілігі бойынша шетелдік білім беру ұйымдарында оқу фактілері расталмады. Бізге ауысуға ниет білдірген адамдардың 75%-дан астамын біз оқудан шығардық немесе оқуға қабылдамадық», — деді М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы Ержан Әмірбекұлы.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде Республика...

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...