12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

СҚО-да балаларға улы ойыншықтар сатылған

Солтүстік Қазақстан облысында дүкендер мен базарларда құрамында фенол бар ойыншықтар сатылған. Улы қуыршақтар мен көліктерден балалар дем ала алмай, көздері қызаруы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, көбінесе Қытайдан сапасыз, балалар үшін қауіпті тауарлар әкелінеді. СҚО-да былтыр улы фенол бар жүздеген ойыншық жойылғаны хабарланған.

«Мен ойыншықта өткір иіс барын байқадым. Оларды тез арада тастадық. Өйткені иісі жаман болғандықтан, ойыншықтарды балаларға беруден қорықтым. Арзан ойыншықтарды өте сирек аламыз. Кейін балалар зардап шекпес үшін қымбатырақ алған дұрыс», — деді Петропавл қаласының тұрғыны Наталья Некрасова.

«Алынған сынаманы зерттеу кезінде фенол концентрациясының 13 есе артқаны анықталды. Балада көздің қызаруы, ауыз және мұрын шырышты қабығының қабынуы болады. Ұзақ уақыт ойнаған кезде балада дем алу қиындайды», — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Данияр Оспанов.

Сарапшылар ойыншықты сатып алмас бұрын мұқият тексеруді ұсынады. Өнімнің толық сипаттамасы болуы керек. Зиян қоспалар нормадан асса бала улануы мүмкін. Ата-аналар сатушылардан өнім сертификаттарын талап ете алады. Данияр Оспанов сатып алу алдында ойыншықтың иісіне мән беруді ұсынды.

«Егер ол улы болса, онда ол бу шығарады және ол сезіледі. Фенол қосылған ойыншықтар аз уақыттан кейін жағымды, тәтті иіс шығарады», — деп қосты Оспанов

Телеарна мәліметіне сүйенсек, 1 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінде шетелдік онлайн-сатушылар ойыншықтар қауіпсіздігін құжатпен растауы қажет. Егер анықтама болмаса, тауарды сатуға рұқсат етілмейді.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...