Еуропада коронавирустың үшінші толқыны басталды — БАҚ

Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқыны басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EUobserver басылымына сілтеме жасап.

Инфекцияның өршуі COVID-19 мутациясымен және вакцинация науқанымен байланысты. Басылым мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта ЕО-да инфекция деңгейі ақпанның басынан бері ең жоғары деңгейде. Ал COVID-19 вирусының жаңа нұсқалары коронавиус инфекциясының таралуына себеп.

Италия билігі 27 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырғанын және 380 адам қайтыс болғанын хабарлады.

«Денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай басталғаннан бері бір жылдан аса уақыт өткен соң, өкінішке қарай, инфекцияның жаңа толқынына тап болдық», — деді премьер-министр Марио Драги.

Франция билігі де елде осындай жағдай болып жатқанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Париждегі жағдайды шиеленісті және алаңдатарлық деп атады.

«Париж тұрғындары күн мен түнге қарамастан әр 12 минут сайын қарқынды терапия бөліміне түсіп жатыр», — деді министр.

Ел президенті Макрон бірнеше аймақта коменданттық сағат пен басқа да әлеуметтік шектеулер енгізді. Дәрігерлер шұғыл түрде жалпыұлттық оқшаулану керектігін айтты.

©️REUTERS

Германияда COVID-19 жұқтырудың 12 мың жаңа жағдайы тіркелді. Елдегі жұқпалы аурулар агенттігінің басшысы коронавирустың үшінші толқыны басталғанын мойындады.

Сәрсенбіде Польшада коронавирус инфекцясын жұқтыру бойынша күніне 17 мың жаңа жағдайы тіркелді. Бұл қарашадан бергі ең жоғары көрсеткіш. Үкімет өкілдері осы аптада жаңа шектеулер жариялануы мүмкін екенін айтты.

©️REUTERS

Сонымен қатар, Венгрия мен Чехияда коронавирус инфекциясын жұқтыру мен өлім-жітім жоғары деңгейде екені хабарланды. Денсаулық сақтау қызметкерлері алдағы апталарда жағдай нашарлайды деп ескертті.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...