Алматыда мейрам күндері автобустар мен метро жүре ме?

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы мен метро қызметін шектеу себебін түсіндірді және Наурыз мейрамында автобустар қалай жұмыс істейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн брифингте журналист Жандарбек Бекшиннен демалыс күндері қоғамдық көліктер қозғалысы мен метро қызметі неге тоқтатылғанын сұрады.

«Бұл жалпы қабылданған шара, автобустарда адамдар көп шоғырланады. Қоғамдық көлік — инфекция ошағының бірі. Науқастардың 17,5 пайызы коронавирус инфекциясын жұқтыру себебін қоғамдық көлікпен байланыстырады. Қазір біз инфекцияның таралуын азайтуымыз керек.

Екі күнде нәтиже болды. Жұмада 360 науқас анықталса, сенбіде — 342, жексенбіде — 297. Бұл кешенді шаралар коронавирус инфекциясының таралмауына әсер етті. Бірақ, қоғамдық көлік жұмысын шектеу де маңызды рөл атқарады», — деді ол.

Жандарбек Бекшин алдағы уақытта мереке және демалыс күндері көлік жұмысы тоқтатылатынын айтты.

«Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік тоқтайды және бұл қала «қызыл» аймақтан шыққанға дейін болады», — деп қосты ол.

Айта кетейік, Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы мен метро қызметі тоқтайтыны хабарланған еді.

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...