Қазақстандық оқушылар жазғы демалыста да сабақ оқиды

Қазақстандық студенттердің ата-аналары білім министрінің қашықтықтан оқыту кезінде білім деңгейі төмендеген балаларға арналған жазғы мектептер ашу туралы бастамасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Екі баланың анасы Динара Өтеулиева жазғы мектептерге мүлдем қарсы. Ол демалыс кезінде балалар оқымай, демалуы керек деп санайды. 10 жастағы Алдияр да анасымен келіседі.

«Бізді не күтіп тұрғаны белгісіз. Сабақ қандай форматта өтеді, дәстүрлі форматта оқиды ма жоқ онлайн білім алады ма, маска қажет пе, жоқ па білмейміз. Бұл мен үшін өте маңызды, өйткені маска кию балалардың денсаулығына өте зиян деп санаймын», — дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Білім министрлігі пандемияға байланысты балалардағы білім сапасы төмендегенін мойындады. Оқу үлгерімінен артта қалғандар жазда мектептерге барады деп жоспарлап отыр.

«Жұмыс өте қиын болады, өйткені біз осы бір жарым жыл ішінде білім алушылардың сабақ үлгерімі нашарлағанын білеміз. Сондықтан бұл ұсыныс өте орынды деп ойлаймын, — дейді  Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдіскері Ақманар Сүлейменова.

Кейбір мектептерде жазда да білім беруге дайын екенін айтты. Бұл айтарлықтай қиын процесс емес дейді білім беру ұйымдары.

«Баласының дамуын қалайтын ата-аналар арнайы ашылған ағылшын, математика, қазақ тілдеріндегі жазғы демалыс мектептері қосымша білім алуға жібереді», — дейді нөмірі 23-орта метептің директоры Гүлнар Нәрімбетова.

Білім министрлігінің жоспарларына сәйкес, жаз мезгілінде мектеп оқушыларына мемлекеттік тапсырыс беріп, оқыту үшін жеке ұйымдар да тартылатын болады. Бірақ көп нәрсе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...