12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Жауапкершілік болмаса, қала былтырғыдай мүлдем жабылады». Алматылықтарға ескерту жасалды

Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясының 360 жаңа жағдайы тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алматылықтарды жауапты болуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов кәсіпкерлік субъектілерге қызметкерлер мен келушілердің денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруға шақырды.

«Карантин талаптарын жиі бұзатындар және мемлекеттің барлық қаулысы мен өтінімін қасақана бұзатын адамдарды, егер ол бизнес субъектісі болса, онда келушілер мен өз қызметкелері үшін жауап береді», — деді Рафаэль Гасанов және кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын жауапкершілікті сезінуге, өз денсаулығына және айналасындағыларға қамқорлық жасауға шақырды.

«Қазір күрт өсу белең алғанын білесіз, Алматы бойынша тек бүгіннің өзінде 360 адам КВИ жұқтырған. Біз қызыл аймақта тұрмыз. Егер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамайтын адамдардың жауапсыз әрекеттері жалғаса берсе, жағдай одан сайын күрделене түседі. Мен рестораторларды шақырамын және барлық кәсіпкерден мейрамханаларды ғана емес, сонымен қатар сауда орталықтарын, базарлардан мүмкіндігінше жауапкершілікті талап етемін, өйткені мұндай жауапкершілік болмаса, қала былтырғыдай мүлдем жабылады. Сондықтан бұған жол бермеу үшін барлығымыз санитарлық ережелерді қатаң сақтауымыз керек», — деді ол.

Ақпарат бойынша, соңғы 7 күнде ауру деңгейі 61,2 болды, репродуктивті саны R — 1,3. Кейінгі тәулікте КВИ-дің 360 жағдайы тіркелді.

Алматылықтарды туыстары мен жақындарының өмірі мен денсаулықтарын сақтап қалу үшін адамдар шоғырланатын шаралардан аулақ болуға, мүмкіндігінше қоғамдық орындардан бас тартуға, санитар нормалардың сақталуын күшейтуге шақырады.

Айта кетейк, қалада пандемия басталғалы 4188 тексеру іс-шарасы жүргізілді, 22 400 нысан қамтылды, карантин шараларын бұзған 4994 нысан анықталды. 2020-2021 жылдардағы тексеру шаралары бойынша заңды тұлғаларға (кәсіпкерлік нысандарға) қатысты 191,3 миллион теңгеге 566 хаттама жасалды. Карантин ережелерін бұзғаны үшін 40 нысан қызметін тоқтатты (100 АЕК айыппұлмен).

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ӘДІЛЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ

Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде сот жүйесін цифрландыру — әділ сот төрелігіне қолжетімділікті арттырудың басты тетігі ретінде қарастырылады. Қазақстан да бұл бағытта қарқынды қадамдар жасап келеді. Электрондық сот ісін жүргізу – цифрландырудың негізгі жетістігі. "Төрелік", "Сот кабинеті", "Е-апелляция", "Е-қылмыстық іс" сияқты электронды платформалар азаматтар мен заңды тұлғаларға сот процесіне қашықтан қатысуға, құжаттарды онлайн тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт үнемдеуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға ықпал етеді. "Сот кабинеті" сервисі арқылы пайдаланушылар: - талап арыздар мен өтініштерді онлайн бере алады; - істің мәртебесін қадағалап отырады; - сот актілерін жүктей алады; - онлайн түрде тыңдауға қатыса алады. Артықшылықтары: - Жылдамдық және тиімділік; - Ашықтық пен айқындық; - Адам факторын азайту; - Құжат айналымын оңтайландыру. Цифрландыру сондай-ақ...

Алқабилер соты: Қоғамның әділ сотқа қатысуының кепілі

Алқабилер соты — азаматтардың сот төрелігіне тікелей қатысуын қамтамасыз ететін ерекше сот институты. Бұл жүйе — қоғам мен мемлекеттік сот билігі арасындағы көпір іспетті. Қазақстан Республикасында алқабилер соты 2007 жылдан бастап енгізілген. Оның мақсаты – сот үдерісінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыру, халықтың сотқа деген сенімін күшейту. Алқаби болу талаптары: - 25 жасқа толған ҚР азаматы;   - Соттылығы жоқ;   - Психикалық немесе басқа ауыр сырқатпен есепте тұрмайтын;   - Мемлекеттік қызметте немесе құқық қорғау органдарында жұмыс істемейтін тұлға болуы қажет. Алқабилер соты — азаматтық қоғамның дамуы мен сот билігінің ашықтығының көрсеткіші. Бұл жүйе халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттырып, әділдік салтанат құруына жол ашады. Сондықтан алқабилер институтын жетілдіру — заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Алқабилер соты – бұл демократиялық мемлекеттің басты белгілерінің бірі ретінде танылатын, халықтың сот төрелігіне тікелей қатысуының ерекше нысаны. Қазақстанда бұл институт алғаш рет 2007 жылы Қылмыстық-процестік кодекске енгізіліп, қазіргі таңда қылмыстық істердің белгілі бір санаттары бойынша қолданылады. Алқабилер тек соттың бір бөлігі ретінде емес, әділ сот төрелігін жүзеге асырушы құрам ретінде маңызды рөл атқарады. Олар кәсіби судьялармен қатар отырып, істің мән-жайын зерттейді, тараптардың дәлелдерін тыңдайды және дауыс беру арқылы айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтайды....

Мекемедегі сотталған азаматшалар қысқы киім үлгісіне көшірілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 түзеу мекемесінде...

Жабық сот отырысын жүргізу тәртібі

Республикамызда азаматтық заңдар тәртібіне сәйкес, азаматтық істер барлық сот...

Сот отырысына қатысушылардың мәдениеті

Сот отырысындағы тәртіп процесстік нормаларды нақты сақтау арқылы, сондай-ақ...