12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пандемияда жұмыс істеген дәрігерлер үстемақысы: заңбұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров пандемия кезінде қызмет істеген дәрігерлерге үстемақы мен өтемақы төлеу бойынша тексерулер туралы айтып берді. Заңбұзушылықтар Қазақстанның бірнеше өңірінде анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор өкілі тексерулер Президент тапсырмасы бойынша ұйымдастырылғанын еске салды.

«Жамбыл облысында аудандық аурухана бас дәрігерлерінің біріне қатысты 2,7 миллион теңге сомасында ауырухана қызметкерлеріне төленген үстемақыны жинау дерегі бойынша соталды тергеу материалдары сотқа жіберілді», — деді Биғайдаров брифингте.

Сонымен қатар, Шымкентте медицина мекемелерінің лауазымды тұлғаларына қатысты коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоқ топтағы қызметкерлерге 50 миллион теңгеден аса сомадағы үстемақыны негізсіз төлеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысында мамандарды тарта отырып, аудандық аурухана қызметкерлеріне 12 миллион теңгеден аса сомаға үстемақыны негізсіз төлеу дерегі бойынша тексеру басталған.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі үстемақылар төлеу кезіндегі заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын шара қабылдау үшін облыс әкімдігіне жіберді. Бірқатар медицина мекемелерінің бас дәрігері мен медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысында әскери сот Талдықорған әскери госпиталінің бастығы полковник Көлбаевқа 11 миллион теңге өндіру туралы үкім шығарды (2020 жылдың желтоқсан айында. -ескерт.). Ол бас медбикемен бір миллион теңге мөлшерінде (50 пайыз) пара алды немесе осы госпиталдің қызметкері Қасанғалиевке жеке еңбек шартын ұзарту жөніндегі қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін түскен үстемақыны иеленді деген күдікке іліген.

Астана әуежайы «Сервис-АСТ» шығынын төлеуге неге қарсы?

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 2020 жылдан бері ақша...

Ашық сот отырысы қайта қылмыс жасаудың алдын алу

Тараз қалалық прокуратурасымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық...

«Учаске» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде

01.09.2025 ж.-01.11.2025 жыл аралығында Жамбыл облысы аумағында Жамбыл облысы...

На вайбе: как несостоявшийся концерт Макса Коржа объединил города и страны

35 тысяч зрителей концерта Макса Коржа остались без шоу,...