Алматыда мыңға жуық полицей мен педагог коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Алматыда мыңға жуық полицей мен педагог коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасының инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі директорының орынбасары міндетін атқарушы Эльвира Ибрагимова айтты. 

«1 ақпаннан бастап вакцинацияның бірінші кезеңін аяқтадық. 1 624 медицина қызметкері «Спутник V» препаратының екі компонентін алды. Вакцинацияның екінші кезеңі 1 наурызда басталды, Алматыға қосымша 10 800 доза жеткізілді. 10 ақпанда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және мұғалімдерге вакцина салына бастады. Бүгінге дейін құқық қорғау органдарының 658 қызметкеріне, 310 педагогқа вакцина салынды», — деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ибрагимованың айтуына қарағанда, Наурыз мейрамынан кейін студенттерге және басқаларға 16 мыңнан астам доза вакцина алынады.

Маман антиденелер туралы сұраққа да жауап берді.

«Антидене 42-күні пайда болады. Клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Өндірушінің ақпараты бойынша иммунитет бір жылдан екі жылға дейін сақталады. Егер адам ауырып-жазылса, онда оған жазылғаннан кейін алты айдан кейін екпе салуға болады», — деп түсіндірді ол.

Эльвира Ибрагимова азаматтар вакцинациядан кейін де маска тағуы және санитария талаптарын сақтауы керек екенін айтты.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 1 ақпанда басталды.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....