Қазақстанда жаңадан коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

Қазақстанда бір айда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары 59 пайызға азайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ақпан қорытындысы бойынша мынадай әлемдік трендтер байқалады. Көптеген елде белсенді вакцинация нәтижесінде эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келіп жатыр. Жаңа жұқтыру деректерінің саны 2021 жылдың қаңтар ортасындағы мәлімтке сәйкес, 46 пайызға, Қазақстанда — 59 пайызға төмендеді», — деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ОПЕК+ елдерінің 2021 жылғы сәуірде мұнай өндірісін шектеуді сақтау туралы қабылдаған шешімі әлемдік тауар нарықтарының конъюнктурасына оң әсер етті. Бүгінгі таңда Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 67 доллар тұрады.

«Металл бағасы қалыпқа келді. Жыл басынан бері металл бағасы орташа жеті пайызға өсті. Мыс бағасы — 15,8 пайызға, алюминий — 9,4 пайызға, мырыш — 1,7 пайызға өсті. Жалпы, іскерлік белсенділік эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты дұрысталды», — деді ол.

Еске салайық, наурыздың басында ОПЕК+ елдері сәуірде Қазақстанда мұнай өндірісін 20 мыңға, Ресейде — тәулігіне 130 мың баррельге өсіруге келіскен, ал альянстың барлық қалған елінде өндіріс көлемі өзгеріссіз сақталды.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...