Алматыда карантин күшейді: Наурыз мейрамында қалааралық автобус қозғалысы тоқтайды

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.

Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.

Наурызды және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) Алматы қаласына кіруін (қозғалысын) тоқтата тұру;

Қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;

Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және автовокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;

Күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;

Коронавирустық инфекцияның жеңіл және орташа нысандарымен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу, сондай-ақ үй карантинін сақтау үшін жағдайлар болмаған кезде симптомсыз нысандарды ауруханаға жатқызу міндетті.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Айта кетейік, Алматыда кейінгі тәулікте 160 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...