Алматыда карантин талабы күшейеді

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Қалықова Алматының санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы дайындалып жатқанын айтты.

«Кез келген мерекелік іс-шара достар мен таныстардың жаппай араласуын білдіреді. Осыған байланысты соңғы мерекелер де эпиджағдайдың нашарлауына және вирусты жұқтыру қаупінің артуына ықпал етті.

Алдағы мерекелерде, Наурызда, адамдар жаппай серуенге шығады. Бірақ, өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасының «қызыл» аймағына өтті. Сондықтан бұрынғыша бұл іс-шараларға тыйым салынады», — деді ол.

Әсел Қалықова қалада шектеу шаралары күшейтіліп, қосымша карантин шаралары енгізілетінін айтты.

«Жақын арада бас санитар дәрігердің шектеу шараларын күшейтуге және коронавирустың таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа қаулысына қол қойылады. Құжат дайындалып, қоғам және бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Күн соңына қарай қаулыға қол қойылады», — деді ол.

Эпидемиолог қаулыға 10 наурызда кешке сағат 20.00-21.00 шамасында қол қойылып, жарияланатынын айтты.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...