Қазақстанда 10 наурызда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 10 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын, солтүстікте кей жерде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, екпіні секундына 23-28 метр болатын жел соғады.

Жамбыл облысының кей жерінде екпіні секундына 23-28 метр жел соғып, тұман, түнде көктайғақ болады.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, екпіні секундына 15-20 метр болатын жел күтіледі.

Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз көктайғақ, таңертең және күндізгі уақытта екпіні 15-20 жел соғады. Жарма ауданында екпіні секундына 25 метр жел болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысында кей жерлерде секундына 25 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады.

Атырау облысының кей жеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысында көктайғақ болады.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...