Жағдай нашарлады — Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінде коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағаны туралы айтылды. Осыған байланысты карантин шаралары сақталуына бақылау күшейтілетіні хабарланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров аудан әкімдіктері басшылығына мониторингтік топтарды көбейтуді тапсырды.

«Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне сәйкес, инфекцияның репрезентативтік коэффициенті бірліктен жоғары және соңғы 7 күнде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 47,5 адам болды.

Жаңа тіркелген жағдай бойынша көрсеткіштің 23 пайызы сауда орталықтары мен сауда үйлеріне, 22 пайызы қоғамдық көліктерге тиесілі», — деді әкімдікте.

Алматыда әуежай аумағында санитарлық нормалар сақталуына ерекше назар аударылады. 6 наурызда халықаралық рейстермен келген 517 адамда анықтама болған жоқ. 9 наурызға қараған түні анықтамасы жоқ 200-ден аса жолаушы келді.

Сондай-ақ, санитарлық нормаларды бұзған кафелер мен мейрамханалар анықталды.

«1 наурыздан бастап мониторингтік топтар 800-ге жуық нысанды тексерді, олардың 67-сінде карантин шаралары бұзылғаны анықталды. Анықталған заң бұзу дерегі бойынша заңды және жеке тұлғаларға 8,2 миллион теңгеден аса сомаға 100-ден аса әкімшілік хаттама толтырылды. Карантин шараларын жүйелі түрде бұзғаны үшін сотқа тоғыз материал жолданды: «Мята» лаунж-бары, «Мята» бары, «Поем» караоке-клубы, «Лейла» кафесі, ЖК ТОПАЗ лото-клубы, «Avangard» ойын клубы, «Bacha» бары, «Baqsarai» банкет залы, «Зияева» ТҮК.

Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирус жұқтырудың 160 жаңа жағдайы анықталған.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...