Шенеунік болсам бір тиын ұрлатқызбай, бір жерді бергізбес едім — Айқын Төлепберген

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген шенеунік болып қызмет етсе, қандай өмір сүретінін айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, ол қазынадан ақшаны ұрлатқызбай, жерді таратпайтын еді деп жазады KAZ.NUR.KZ

Эстрада жұлдызы бұл туралы Instagram желісінде айтты. Ол өзі шенеунік болған жағдайда қандай шараларды іске асыратынын тізіп жазып шықты. Айқын мұндай күн туғанда жемқорлықпен күреске барын салатынын жеткізді.

«Әңгіменнің бәрі қалжың. Мен шенеулік болсам, бәрін таза жасар едім. Бір тиын ұрлатқызбай, бір жерді бергізбей. Қайта, қоластымдағы адамдарға ұрламайтын жағдай жасап, артық жұмыс істеген үшін, ақша төлеп. Жемқорлық деген нәрседен жек көретінім жоқ. Еліміздің ең үлкен дерті сол» , — деп жазды Айқын Төлепберген.

Әншінің оқырмандары бұл жазбаға қатысты өз пікірлерін жарыса білдірді. Олар басым көпшілігі өнер иесіне сенетіндерін айтуда. Алайда, пікір білдірушілер арасында оны сынға алғандар да бар. «Шенеунік болсаңыз, осы сөздеріңіз ұмытылады ғой» , «Ақша көрсе, періште таяр» , «Өте дұрыс. Сізге сенемін. Нағыз халықтың адамысыз ғой» , «Осындай жігіттер елімізді құтқарып қалады. Сіздерге деген сенім мол», «Мен сізге сенемін», «Шенеуніктердің көбісі басында осылай ойлайтын секілді» , «Айқын сзінде тұратын ер азамат. Оған сенемін» , «Жарайсың, біз сені қолдаймыз» , «Жасай бер Айқын. Сен халыққа керек азаматсың» , — деп жазуда желі қолданушылары.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...