Қазақстанда тұрғын үй бағасы ақпанда қайта өсе бастады — Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 2021 жылдың ақпанында өсуін жалғастырды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының хабарламасында айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтарға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары — 3,1 пайыз, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6 пайызға жоғарылады», — делінген хабарламада.

2020 жылы бастапқы нарықтағы тұрғын үй 5 пайызға қымбаттаған. Ал 2021 жылы қаңтар-ақпанда бағалар 4,2 пайызға өсті.

Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 2020 жылы 13,2 пайызға, 2021 жылдың екі айында 8,2 пайызға көтерілді.

Қазақстан бойынша жаңа үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны — 322 968 теңге.

 

 

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...