12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тағы да әскери қойма жарылды

Экваторлық Гвинеяның әскери қоймасында жарылыс болып, 98 адам қаза тапты. Тағы 600 жан жарақат алған. Ел билігі көршілес мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан көмек сұрады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды, деп жазады stan.kz.

Жойқын жарылыстар Экваторлық Гвинеядағы халық ең көп шоғырланған Бата қаласында кеше кешке қарай басталған. Екі сағаттың арасында төрт рет дүмпу болыпты.

Екпіні жойқын жарылыстар әскери қоймадағы өрттен басталған. Осы елдің Қорғаныс министрлігі ірі оқ-дәрілер қызыл жалынға шыдамағанын хабарлады. Оқыс оқиғаның дәл ортасында 250 мың халықпен қоса, бөлімшелердегі әскерилер де қалып қойған. Соңғы мәліметтер бойынша, оқыс оқиға салдарынан кем дегенде 98 адам көз жұмған, ондаған адам іс-түссіз кеткен дейді. Тағы 600 жан түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қаладағы ғимараттардың көбі қираған. Елдің сыртқы істер министрі көрші мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан көмек сұрады.

«Мен ұлы мәртебеліден достас елдер мен бауырлас мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан көмек сұратуға рұқсат беруін сұраймын. Экваторлық Гвинея қиындықққа тап болғанда қол ұштарыңызды созсаңыздар деймін. Біздің ауруханаларымыз коронавирус жұқтырғандарға толып жатқанда, Батадағы жарылыстар жағдайды одан сайын қиындатып жіберді», — деді Гвинеяның СІМ өкілдері.

Патша Теодоро Обианг Нгема Мбасого, яғни осы елдің мемлекет басшысына өзгелерден көмек сұраудан басқа амал жоқ сияқты. 1 миллион 200 мың халықты 41 жылдан бері басқаратын президент оқыс оқиғаға әскерилерді кінәлауда. Оның пайымынша, олар динамит, жарылыс заттарын, қару-жарақтарды дұрыс сақтамаған.

Айта кетейік, екі жыл бұрын бізде де әскери қойма өртке оранып, соңы алапат жарылысқа ұласқан. Арыстағы оқиға 4 адамның өмірін жалмады, 409 адам жарақат алды. Үкімет қаланы қайта қалпына келтірді. Бұл оқиғаға қатысты сот әлі жалғасуда.

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...