12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Баян Алагөзованың түсіріп жатқан киносы феминизмнен туған — Нұрболхан Шарапов

Қазақстандық әзілкеш, жайдарманшы, актер Нұрболхан Шарапов тойдан қанша қаламақы алатынын жасырмай айтты. Одан бөлек отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбын сөз етті. Продюсер Баян Алагөзованың жаңа фильміне қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Нұрболхан Шарапов өткен пәктік туралы бағдарламада ашық сөз еткен Ләйлә Сұлтанқызын сынға алған еді. Дау соңы жандалға ұласып, екі тарап сотқа дейін жетті. Одан бөлек Шарапов Дина Төлепбергеннің кәсіби журналист емес екенін көп алдында сөз етті. Жақын күндері әйел мәселесін фильмге арқау еткен Баян Алагөзоваға қарсы шықты. Оның мақсаты — ақша табу не билікке бару деп ашық айтты.

Соңғы берген сұхбатында да Баян Алагөзованың фильмінің мақсаты феминизмнен туған деген ойын айтты.

«Бұл отбасылық зорлық-зомбылықтан гөрі феминизмге жақын. Мен отбасында әйелге, қыз балаға зорлық көрсетуге қарсымын. Әйелді ұруға қарсымын. Әйелімді ешқашан ұрып көрмегенмін, ұрмаймын да. Дінімізде әйелдің ер азаматтан бір саты төмен тұратынын айтады. Бірақ әйелдеріңді ұрыңдар демейді, әйелдеріңе жақсы қараңдар дейді. Ал Баян ханымның айтып жүргені әйелді ер азаматпен тең ұстау. Еркектермен бірдей теңдікті алып беру. Фильм идеясы феминизмге үндейді», — деді Шарапов.

Әзілкеш бүгінде желіде түрлі вайндар түсіріп, оқырман саны арттырып келеді. Актер Нұрболхан блогер, вайнер Нұрболхан атанып кетті.

«Тойдан екі мың доллар қаламақы алғанмын, 1 миллоин теңге де алғанмын. Қатып қалған бағам жоқ. Ашық айта беремін. Ұжымдық кештерде осылай алдым. Жай тойларда 500-600 мың доллар аламын. Жағдайын айтса, оған да қараймын. Карантин кезінде одан төмен бағаға да той басқардым», — деді асаба.

Блогерлердің желіде оқырман саны артқан сайын оларға жасалатын шабуыл да көп. Әзілкештің де бір кездері Инстаграм парақшасына тосқауыл қойылды. Тіпті сотта дауласып жүрген уақытта хакерлер WhatsApp мессенджерін құлыптап тастапты.

«Инстаграм парашамды жауып тастады. Ресейлік хакерді жалдап, 100 мың теңге беріп 20 күн ішінде ашқыздым. Соттасып жүрген уақытта WhatsApp мессенджерімді жауып тастады. Оны да құлыптай алады екен. 1 аптадан соң аштым. Барлық мұрағатымды өшіріп, аватарға ұятсыз сурет қойыпты. Осындай да шабуылдар болып тұрады», — деді әзілкеш.

Легендарный судья-фронтовик

МУЗЕИ, АРХИВЫ И ДРУГИЕ ЦЕНТРЫ КУЛЬТУРЫ АКТИВНО ИСПОЛЬЗУЮТ СВОЙ...

Голос манипуляции: не стать жертвой мошенников

ТЕЛЕФОННОЕ МОШЕННИЧЕСТВО – ЭТО НЕ ТЕХНИЧЕСКОЕ ПРЕСТУПЛЕНИЕ В КЛАССИЧЕСКОМ...

Судопроизводство в эпоху цифровизации 

На юридическом факультете Казахского национального университета имени аль-Фараби состоялась...

Из детдома — в кошмар

Семья из Каркаралинского района Карагандинской области шесть лет подвергала...

Семей қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды

9 мамыр мерекесімен №21 мекеме қызметкерлері Семей қаласындағы қарттар...