Қазақстанда тағы бір мереке күнін белгілеу ұсынылды

Қазақстанда жаңа мереке — Халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күнін бекіту ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы мерекелік күндер қатары толығуы мүмкін. Жаңа мереке — «15 сәуір — Халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні». Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжат жобасын жария талқылау 25 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, мемлекеттік мереке күндері ғана демалыс күні болып саналады.

Сондай-ақ, Қазақстанда Спорт бапкері күнін атап өту ұсынылғаны хабарланған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....

Ата-ана құқықтары мен міндеттері

Отбасы қоғамның негізгі әлеуметтік институты болып табылады. Әрбір баланың...