12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда бес мұнай-газ химия зауыты салынады

Қазақстанда 2025 жылға дейін бес жаңа мұнай-газ химиясы зауыты салынады. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің алқа отырысында Ноғаев мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу туралы айтып берді. Онда мұнай-газ химиясы өндірісін жеделдету және инвестор үшін ұтымды жағдайлар жасау туралы айтылды.

«Жоба мәселелерді шешуге баса назар аударып, саланы нақты дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, мұнай-газ химиясы жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету, мұнай-газ химиясы кластерін құру, одан әрі қайта бөлуді дамыту. Бұл шаралар 2025 жылға қарай бес зауыт құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді», — деді Ноғаев.

Министрдің айтуынша, Атырау облысында үш зауыт салынады:
  • қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін;
  • қуаттылығы 57 миллион текше метр азот және 34 миллион текше метр техникалық газ өндіретін;
  • қуаттылығы жылына 430 мың тонна полиэтилентерефталат өндіретін.

Шымкентте қуаттылығы жылына 81 мың тонна полипропилен өндіретін жаңа зауыт және Шымкент мұнай өңдеу зауытының шикізат негізінде қуатылығы жылына 57 мың тонна бензинге арналған октан қуатын күшейтетін қоспа шығаратын жаңа зауыт құрылысы аяқталады.

Оралда жалпы қуаттылығы 182 мың тонна метанол мен гликоль өндіретін зауыт салынады.

«Өндіріс көлемі екі миллион тонна мұнай-газ химиясы өнімі мөлшерін тоғыз есеге ұлғайтады. Ел экономикасына салынған инвестиция көлемі шамамен 3,9 миллиард доллар», — деп түйіндеді министр.

Малышей Дома малютки навестили сотрудники Акмолинской УИС

В преддверии Нового года, сотрудники учреждения №65 ДУИС по...

Профилактика употребления наркотических и психоактивных веществ среди осужденных

В Учреждение N°3 Департамента УИС по городу Астана проведена...

Шахматный турнир в Учреждении №3

В РГУ №3 Департамента УИС города Астана провели шахматный...

36 криптообменников с общим оборотом 60 млрд тенге ликвидировал АФМ в 2024 году

Ликвидация структур по отмыванию денег через криптовалюту В последние годы...

ҚМА 2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 криптоайырбастау пунктін жойды

Криптовалюта арқылы ақшаны заңдастыратын құрылымдарды жою Соңғы жылдары қылмыстық жолмен...