Түркістанда 39 миллион долларға салынған стадион қандай?

Қазақстанда «Түркістан-Арена» атты жаңа стадион пайда болды, онда еліміздің Суперкубогы аясында алғашқы ресми ойындар өтіп үлгерді. Vesti.kz тілшісі спорт ғимаратының сырты мен ішкі көрінісі қандай екенін, оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Репортажда жеті мың орындық стадион тек футболға емес, жеңіл атлетика үшін де салынғаны айтылады. Оның құрылысына 39 миллион доллар жұмсалған.

Кемшілік ретінде автор аренаның екі жағы бос екенін және баспасөзге арналған аймақтың жоғын атап өтті.

Стадион туралы толығырақ ақпарат Vesti.kz видеосында айтылады.

Түркістанда нысанның құрылысы 2019 жылдың ақпанында басталған. 2020 жылдың 30 тамызында ол пайдалануға берілді.

2021 жылдың 2 наурызында «Түркістан-Арена» стадионында алғаш рет матч өтті, онда «Шахтер» мен «Астана» Суперкубок финалына таласты.

Биыл стадион Қазақстан чемпионатында өнер көрсету құқығына ие болған «Арыс» футбол клубының үй аренасы болады.

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...