Оңай болмаса да біреуді кешіріп, жайына жіберіп үйреніңіз — Баян Мақсатқызы

Баян Мақсатқызы денсаулық пен әдімілікті сақтаудың құпиясын айтты. Одан бөлек адам бақытты болу үшін қандай тәуекелдерге бару керектігін сөз етті. Өз өміріңе риза болу — бақыттың басты сыры дейді ол, деп жазады stan.kz.

«Менің ешкімге өкпем жоқ, адамдарға, жағдайларға. Мен бәрін қабылдай аламын. Біреуден жақсылық күтпеймін. Біреудің өміріне араласпаймын. Ешкімді өсектемеймін. Менде барға қуанамын. Осылай өмір сүргенде ғана өмір керемет. Бұл жастығың мен денсаулығыңды сақтаудың ең қарапайым жолы. Егер сізде олай болмаса, не нәрсеге ренжіп жүргеніңізді ойлаңыз.

Біреуді кешіре біліңіз. Жайына жіберіп үйреніңіз. Оңай емес, бірақ болады. Бақытты болғыңыз келсе, өз өміріңізді уламаңыз. Сол кезде тәтті торт та сізге артық салмақ қоспайды. Керісінше көңіл-күй сыйлайды. Мен кереметпін. Кім осылай шын жүректен мойындай алады? Бақытты, сүйікті, қалағанын алған және ғашық әйел ғана. Бәріне бақыт пен денсаулық тілеймін», — деп жазды Баян Мақсатқызы.

Продюсер өмірде өз бақытын таппай, біреудің дегенімен жүрген қыз-келіншектерге осындай кеңесін айтты. Өзіңді бағаламағанды ұстама, біреуге өкпелеп өз денсаулығыңды құртпа дейді ол. Әсіресе, өзгелерді ғайбаттау да өзіңе зиян әкеледі дейді продюсер.

«Өте дұрыс айтылған, біреуді өсектеп ешкім пайда таппайды», «Әркім өз өміріне шүкір етсе, бақытты сезінеді», «Біреуді өсектеу, біреуге ренжу, өкпелеп жүру, кек алу — ақымақтардың ісі. Оған уақыт жоғалтудың керегі жоқ», «Ойыңызға қосыламын, сізге көп рахмет», «Көп қыздарға жақсы кеңес болды», — деп жазды желідегілер.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...