12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Борат» фильмінің актері Қазақстанға келеді

Танымал комик Саша Барон Коэн жақында комедия жанрындағы ең үздік актер ретінде және «Борат 2» фильмінің түсірілімінің қатысушысы ретінде екі «Алтын глобус» сыйлығын алды. Актер сұхбатында Қазақстанға сапар шегу жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кинодағы актердің образы — Американы аралайтын қазақ журналисі жайлы. Борат Сағдиевтің образы Саша Барон Коэнге үлкен атақ әкелді. Алайда қазақстандықтар Коэннің халықты қалай көрсеткеніне наразы болды. Актер өз фильмінде нағыз Қазақстанды емес, дәл осындай атаумен ойдан шығарылған елді бейнелегенін мәлімдеді, бірақ қазақстандықтар жадында фильмнің жағымсыз әсер әлі де сақталып қалды.

Биылғы «Алтын глобус» номинанттары белгілі болғанда, «Борат 2» фильмі 3 категория бойынша сыйға ұсынылды. Нәтижесінде екеуінен жеңімпаз атанды. АҚШ-тағы қазақ диаспорасының бір бөлігі «Алтын глобус» басшылығына Коэнді нәсілшілдік үшін айыптап, фильмді номинанттар тізімінен шығаруды сұрады. Алайда актер өз кезегінде тек жымиып, қалжыңға айналдыра берді.

«Маған Қазақстан халқы әзіл түсінетін ел, Боратты қуанышпен қабылдағанын айтты, — деді Саша Барон Коэн ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында.

Саша Барон Коэн Қазақстанға баруға жоспарда бар ма деген сұраққа: «Егер шақырса, мен қуана-қуана барамын», — деп жауап берді ол.

«Айыпталушы болу — сатириктің жұмысының қалыпты бөлігі. Барлық сот бұл талаптарды қабылдамайды, өйткені кез келген елдің заңдарына сәйкес сатириктер сотталмайды. Біздің мамандығымыз — сатира жасау. Ол заңды түрде жұмыс істейді. Оның тіпті салық коды бар. Егер сатириктер сатира жасауды тоқтатса, онда олар салықты қалай төлейді? Жоқ, мен сот  процесінен қорықпаймын. Керісінше, мені біреудің сезімін қорлағаны үшін жауапқа тартуға тырысқан сайын, фильм соғұрлым сәтті болады», — дейді Саша Барон Коэн.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...