12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда қазақтың бұлбұл әншісіне ескерткіш орнатылады

Алматыда КСРО халық әртісі, атақты опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескерткіш Қабанбай батыр көшесінің оңтүстігінде, Байсейітова көшесінің шығысына қарай қойылады.

Қаланың мәдениет басқармасы өкілі Роза Бағлановаға арналған ескерткіштің үздік жобасын жасауға 2021 жылдың 12 наурызына дейін ашық конкурс жарияланғанын атап өтті.

«Бюджет 2021 жылдың екінші жартысында қаралады. Бүгінгі таңда ескерткіштің нақты сомасы белгісіз», — деді мәдениет басқармасындағылар.

Айта кетейік, халық әртісінің ескерткіші өзі дүниеге келген Қызылорда облысының Әйтеке би ауылында 2015 жылы орнатылған.

Роза Бағланова Қызылорда педагогикалық институтында білім алған. 1941 жылы оған Мәскеу консерваториясына жолдама берілді, бірақ соғыс басталып, ол Өзбек КСР-нің мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблімен бірге майданға аттанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында әншінің шығармашылық жолы басталды.

Әртістер бригадасының құрамында жүрген ол Кеңес әскері жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті. Әнші Лидия Русланованың репертуарынан әндер мен частушкалар, соның ішінде әйгілі «Ах, Самара-городокты» шырқайтын.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...