12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бір балаға 4 миллион: Қазақстанда ана капиталын енгізу ұсынылды

Депутаттар Қазақстанда ана капиталын енгізіп, бала дүниеге келгенде 4,2 миллион теңге төлеуді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сәйкес, қазақстандық балалардың 15,6 пайызы ең төменгі деңгейдегі отбасында тұрады. Бұл миллион кедей бала бар деген сөз. Отандық зерттеушілердің пікірі бойынша, көпбалалы отбасылар кедейліктің факторына айналып жатыр. Кедейлердің 80 пайыздан астамы бес немесе одан да көп адамы бар отбасында өмір сүреді. Статистикаға сүйенсек, біздің елде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар», — деді Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов.

Ерлан Смайлов бір, екі немесе үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әкенің де қиындықтары бар екенін, бірақ әлеуметтік қолдауға мұқтаждар санатына жатпайтынын айтты. Елде мұндай отбасылардың саны 500 мыңнан көп болуы мүмкін және олардың басым көпшілігі — жалғызбасты аналар.

Ол елдің премьер-министрінен ана мен баланы қорғауға және қолдауға бағытталған барлық шараны ревизия мен талдау жүргізуді және олардың нәтижесін бағалауды сұрады.

«Елімізде әрбір туған бала үшін қазақстандықтарға 4,2 миллион теңге мөлшерінде мемлекеттік төлем түрінде ана капиталын енгізу орынды. Осы қаражатты мақсатты пайдалану арқылы тұрғын үй сатып алуға және отбасының тұрғын үй жағдайын, балаға білім беру, анасының зейнетақы жинақтарын жақсартуға болады», — деді депутат.

Ұсыныстар ішінде мыналар бар:

  • бала өміріне, физиологиясына, білім алуы, әлеуметтік, мәдени және басқа да қажеттіліктеріне сай келетін тұтынушы себеті;
  • бала мен анаға бөлінетін инвестицияларға әлеуметтік көмектен берілетін жәрдемақылар мен төлемдер қағидаты мен мөлшерін қайта қарау;
  • ана мен бала, отбасы, толық емес отбасы саны және т.б. ана мен балаға қатысты салаларда статистикалық деректер жинау мен жариялауды жүйелеу.

Ұсынысты Қазақстан Халық партиясы фракциясының он депутаты қолдады.

Астана әуежайы «Сервис-АСТ» шығынын төлеуге неге қарсы?

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 2020 жылдан бері ақша...

Ашық сот отырысы қайта қылмыс жасаудың алдын алу

Тараз қалалық прокуратурасымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық...

«Учаске» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде

01.09.2025 ж.-01.11.2025 жыл аралығында Жамбыл облысы аумағында Жамбыл облысы...

На вайбе: как несостоявшийся концерт Макса Коржа объединил города и страны

35 тысяч зрителей концерта Макса Коржа остались без шоу,...