«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады

15 наурыздан бастап «Медеу» мұзайдыны жанындағы көлік тұрағы ақылы болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aparking компаниясына сілтеме жасап.

Автотұрақ 191 көлікке арналған. Келушілер бір сағат үшін 100 теңге төлейді. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.

«Демалыс күндері «Медеуге» баратын жүргізушілер ыңғайсыздыққа тап болып жатады. Автотұрақта орын жетпейді, кешенге кіреберістер қоқысқа толады. Автокөлік иелеріне толық жабдықталған автотұрақтың пайда болуы жеке көлік құралдарын пайдалану кезінде ыңғайлы болады, сонымен бірге. тұрақ ережесін бұзатындар азаяды», — деп түсіндірді компаниядағылар.

Автотұрақта қоршаулар, шлагбаум, халықаралық стандарттарға сәйкес белгілер бар. Автотұрақ ақысын паркомат көмегімен немесе онлайн-төлемнің барлық түрі — «Алматы тұрақтары» қолданбасы, мобайл банкинг, QIWI терминалдары және SMS арқылы төлеуге болады.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....