Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шектеулері туралы жаңа қаулы жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаулыға сәйкес, ас беру шараларын (30 пайыз, 50 адамнан артық емес) қоспағанда, салтанатты, естелік іс-шараларын өткізуге (корпоративтер, банкет, той, туылған күн, мерейтой, шығарып салу, кұдалык, беташар және тағы басқа) тыйым салынады.
Балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын аландары, жабық аттракциондар) жұмысы сағат 09:00 — 23:00 дейін 30 пайыздан, 50 адамнан артық емес болған жағдайда арақашықтық пен күшейтілген санитариялык эпидемиологиялық режимді сактай отырып ұйымдастырылады.
2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1 ден 5-сыныпқа дейін коса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7 сыныпқа дейін қоса алғанда сыныпта 25 оқушыдан аспаған жағдайда оқуға рұқсат беріледі.
Айта кетейік, Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.