Жалдамалы пәтерден 5 студенттің мәйіті табылды

Ташкенттің Юнусабад ауданында 27 ақпанда кешке пәтерлердің бірінде бес студенттің денесі табылды. Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасының Telegram-каналында мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жастар пәтерді жалдап тұрған. Студенттер белгісіз заттан улану салдарынан қаза болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Газета.uz» ақпараты бойынша, марқұмдар Әндіжан облысының тумалары:

— Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті М. У. (2000 жылы туған, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
— Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті Р. С. (1998, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
— Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті Д. Г. (2000, Әндіжан облысы Ходжаабад ауданының тұрғыны);
— Ташкенттегі Сингапурдағы менеджментті дамыту институтының екінші курс студенті О.И. (2000, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
— Ташкенттегі Инха университетінің бірінші курс студенті С.Х. (2000, Әндіжан облысы Кургантепин ауданының тұрғыны).

Әкімшілік істе қазақ тілінің қолданылуы

Тіл – қай мемлекеттің болсын егемендігі мен тұтастығын айшықтайтын...

ӘРПК негіздері

Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік...

Құрылтай сайлауының барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – «Халық үні»

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні...

Қазақстан сайлау барысын азаматтарға үзбей хабарлап отыруды қамтамасыз етті – Ресейден келген халықаралық байқаушы

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын...