Қайрат Нұртастың туған күніне Назарбаевтың немересі келді

Қайрат Нұртас 32 жасқа толды. Әнші туған күнін ауқымды кеш етіп жасаған жоқ. Алайда кеште Нұрәлі Әлиев қонақ болды, деп жазады stan.kz.

Қайрат Нұртас 25 ақпан күні 32 жасқа толды. Әнші туған күн кешінде Нұрәлі Әлиевпен бірге түскен фотосын жариялады.

«Бүгінгі кештен естелік» , — деген жазба қалдырды Қайрат фото анықтамасында.

Көпшілік таң-тамаша болып, туған күннің қалай өткенін сұрап жатыр. Енді бірі әншіні туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады.

«Туған күніңіз құтты болсын», «Жаңа жасыңыз құтты болсын, жастан жасқа жетіңіз», «Мерейіңіз арта берсін», «Нұрәлі Әлиев келді ме туған күніңізге?», «Қанда қарапайым жігіттер», «Басқа ешкімді шақырмадыңыздар ма?», «Өздері атап өткен шығар», «Айналаңыз жақсы адамдарға толы болсын», — деп жазды желі қолданушылары.

«Туған күніңмен, Қайрош! Армандарыңа жете бер! Ес Ағаң екеуміз тілекшіміз», — де жазды айтыскер Сара Тоқтамысова.

«Құтты болсын, досым», — деп жазды Серік Ибрагимов.

Қайрат Нұртас туған күнінде өзін өмірге әкелген ата-анасына алғысын айтты.

«Бүгін мені емес. мені дүниеге әкелген ата-анамды құттықтайтын күн. Яғни барша құттықтаушылармен бірге қосыла мынадай тілек-лебізімді білдіргім келеді: Әке, сіздің қабағыңыз — менің өмірлік сабағым. Сүрінген шағымда жасып кетпеуді, көтерілген шағымда тасып кетпеуді үйреттіңіз! Сол себепті өмірлік сабағымның алғашқы ұстазы — Сізсіз! Сізге мың алғыс!

Ана, сіздің жанарыңыз — өмірлік қамалым. Қуанған шағымда менен бұрын қуандыңыз,  мұңайған шағымда менен бұрын мұңайдыңыз! Бойымды жамандықтан сақтандырып, ойымды жақсылыққа аттандырдыңыз! Сондықтан да өмірлік қамалымның ең мықты қорғаны — Сізсіз! Сізге алғысым шексіз!Сіздер барда Қайраттың қайраты таусылмайды!», — деп жазды.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...