ДСМ жыл соңына дейінгі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жүргізіліп жатқан вакцинацияны ескеріп жылдың соңына дейінгі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Егілгендерді есептеу және иммундық жағдайды е-gov mobile «Вакцинация» және «Цифрлық құжаттар» қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы бақылау жоспарланып отыр. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі.

«Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң бар. Бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайтуға және республикамыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, 2021 жылы біз 6 миллионан аса адамды егуді жоспарлап отырмыз», — деді Цой.

Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі ресейлік «Спутник V» вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндіріліп жатыр. Отандық тауар бекітілген кестеге сәйкес — биыл 24 ақпаннан жеткізіледі. Сонымен қатар, биыл сәуірде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген — отандық QazCovid-in вакцинасын қолдану жоспарланған.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық егуге арналған вакцинаны тасымалдалдағанда салқын жерде сақтау мәселелері бойынша стандарт операциялық рәсімдерді әзірледі және бекітті. 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылды.

Министр оптимистік және шынайы болжамға сәйкес жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантин шектеуіне вакцинация ғана балама болатынын атап өтті.

«Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты өңірлер иммунпрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», — деді Цой.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда басталды.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...