Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін беріледі?

Қазақстандықтар жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған 10 сотық жерден бөлек учаскелер алуға құқылы. 25 сотық жер жеке қосалқы шаруашылыққа және 12-сі бау-бақша өсіруге. Бұл туралы Жер кодексінің 50-бабында айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті заңды түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кодекстің 50-бабында жер учаскелері азаматтарға жекеменшікке ақысыз беріледі делінген:

  • жеке қосалқы шаруашылық үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) ауылдық жерлерде — 0,25 гектар суарылмайтын және 0,15 гектар суармалы жерлерде;
  • жеке тұрғын үй құрылысына — 0,10 гектар;
  • көгалдандыру, сондай-ақ саяжай құрылысына — 0,12 гектар.
Комитет жеке меншік үй учаскелері үшін жер ауылдық елді мекендерде беріледі деп түсіндірді.

«Үй маңындағы жер телімі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салуға пайдаланылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге жазық даладан жер телімін ауға болады», — деп толықтырды комитет өкілі.

Жеке қосалқы шаруашылық пен бау-бақша өсіруге арналған учаске азаматтарға тұрғылықты жеріне және тіркелген орнына қарамастан беріледі. Бұл ретте жер учаскесін алуға кезекке тұру заңнамада қарастырылмаған.

Жер учаскелерін алу үшін жерге құқық беру туралы өтініш өткізу қажет.

«Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатына жер учаскелерін жекеменшікке тегін беру тек жер игерілгеннен кейін жүзеге асады.

Уақытша жерді игеру кезеңіне (жалдау) кодекстің 92-бабына сәйкес шарттар мен мерзімдер белгіленіп беріледі», — деп толықтырды комитет өкілі.

Айта кетейік, қазақстандықтар үй салу үшін 10 сотық жер алуға құқылы. Бірақ, соңғы мәліметтер бойынша, учаскені алу кезегінде 1,5 миллионнан аса адам тұр. Бұл сан жыл санап артып келеді.

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...