12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Соттарда технология мен әлеуметтік желінің күші қатар ұштасқан  

Егемендік алған отыз жылдан бері сот жүйесінде кезең-кезеңімен ауқымды реформалар іске асырылуда. Бүгінде білікті мамандарды жұмылдыру, әділ сот төрелігін орнықтыру, қолданыстағы заңнамаларды оңтайландыру  бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беруде.

Азаматтардың сотқа сенімін қалыптастырып, сот билігінің беделін арттыру – реформаның басты мақсаты. Сол үшін соттарға жаңа технологияларды енгізіп, заңдарды үнемі жетілдіріп, сот рәсімдерін қазіргі заман талабына сай жүргізу міндеттелген.

2018 жылдан бастау алған Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің жеті түйіні» жаңа бағдарламасы соттардың жұмыс стилін түбегейлі өзгертті.

Атап айтсақ, кәсіби сот корпусын қалып­тастыру мақсатында кәсіби бағалаудың жаңа стандарттары енгізілді, келушілерге жаңа техно­ло­гиялар арқылы қызмет көрсете бас­­тады. Бірыңғай сот практикасы қолданы­луда, судьялар жұмысы оңтайланды­рылды, артық сот процедуралары жо­йыл­ды. Сот актілерінің жаңа форматы енгізіліп, тараптардың сауалдарына жауа­птар қарапайым әрі түсінікті етіп бері­луде. Сот отырыстарына тараптардың аудио-бейнеконференц байланысы (ВКС) арқылы қашықтан қосылуы үйреншікті жайтқа айналғалы қашан?! Бұрын азаматтар сотқа қатысу үшін артынып-тартынып, шалғай жақтардан орталыққа келіп жататын. Немесе сол үшін жоспарлы жұмыстарын кейінге шегеріп, басқа қалаға, басқа елге шыға алмайтын. Тіпті үш-төрт жыл бұрын сот отырысына қашықтан қатысуды алғаш рет іске асырғанда азаматтар аудандық әкімдік не сот ғимаратына келіп, арнайы ВКС құрылғысымен процеске қатысты. Ал, қазір соттардың IT-қызмет процесі одан әрі жетілдіріліп, жаңғыртылуы нә­ти­же­сінде сапасы, жеделдігі, кең кө­лем­ді қамтуы арта түсті. Енді қолында смартфон бар әр адам үйден де, көшеден де, тіпті шет елден де процеске онлайн қатыса алады. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Міне, технологияның дамығанының, адамзат деңгейінің көтерілгенінің белгісі.

2020 жылы сот карантин режимінде қолжетімді түрде қызмет атқарды. Процестер виртуалды түрде қашықтан жүргізілді, электронды сот қарқынды дамыды. Азаматтар пандемия кезінде іске смартфон арқылы қосылды. Бірде бір іс кейінге қалдырылып, қарау мерзімі бұзылған жоқ.

Маңғыстау облысы бойынша 45 сот залы бар, олар 100% аудио-видео фиксация құрылғыларымен жабдықталған. Пандемия кезінде WhatsApp және zoom платформалары арқылы тараптар іске мобильді қосымшамен қатысты.

2020 жылы облыс соттарында мобильді видеоконференцбайланысы арқылы 17034 сот отырысы өткен, түзету мекемелерімен 1127 процесс, жергілікті соттар арқылы 180 іс қаралған.

2020 жылы қазан айында Мемлекет басшысының қатысуымен судьялардың VIII съезі өтті. Онда Елбасының бастамасымен жүргізіліп жатқан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, судьялардың VII съезінде берген тапсырмалары, «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында атқарылған істерге баға берілді. Әсіресе сот жүйесіндегі ІТ қызметтің сапасына, жүйелілігіне назар аударылды. Ел президенті соттардың заманауи технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалануға міндетті екенін, технологиялық шешімдерді белсенді түрде енгізе отырып, уақыт ағымынан қалмау қажеттігін айтып келеді.

Технология мен әлеуметтік желінің күшін ұштастырған сот билігі қоғамға ашықтығын үздіксіз дәлелдеп келеді. Бүгінде кез келген сот барлық байланыс арналары арқылы қоғаммен тығыз байланыс орнатып, жұртшылықтың мәселелері мен сауалдарына жедел жауап беруде.

Міне, жоғарыда аталған жұмыстар сот жүйесінде замануи технологияның дендеп енгізілгенін, соттарда цифрландыру жұмысының алыңғы лепте екенін байқатады. Технологияларды кең қолдану – сот жұмысын жеңілдете оырып, сапасын арттырады.

 

Лариса Кенжеева,

Мұнайлы аудандық сотының судьясы

Маңғыстау облысы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...