12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық: Тоқаев мәселені шешуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін арнайы жасақ құрамын қалпына келтіруді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблема. Жыл сайын елімізде әйелдерге қарсы 2,5 мыңнан аса қылмыс тіркеледі. Оның ішінде өліммен аяқталғаны бар. Зорлық-зомбылық салдары әйелдердің қоғамға араласуына және отбасы институтына теріс әсер етеді. Бұл өзекті мәселені мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп қана шешуге болады», — деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында.

Ол бұл іс бойынша маңызды рөл ІІМ-нің әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі 1999 жылы құрылған арнайы бөлімшелеріне жүктелгенін айтты.

«Олар полицияның азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуінде тиімді буын болуы керек. Алайда оларда штат саны қысқарды, оның ішінде отбасылық зорлық-зомбылық дерегі жиі тіркелетін аймақтарда да. Бұл мәселені әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова Ұлттық кеңес алаңында көтерді. Ішкі істер министрлігіне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін арнайы жасақ құрамын қалпына келтіруді тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев құқық қорғаушы Айгүл Орынбектің бастамасы туралы да айтты. Ол әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша әйел тергеушілерді мамандандыруды ұсынған.

«Бұл жәбірленушілерге біржақты көзқарасты болдырмауға мүмкіндік береді. Рахым Ошақбаевпен («Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры. — ескерту.) өзге заңгерлер мен қоғам қайраткерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны заң жүзінде қатаңдату туралы өтініш-хатын берді. Бұл бастама кеңінен талқылануы керек. Біз тиісті шараларды заңнамалық түрде қабылдауымыз мүмкін», — деді ол.

Министр иностранных дел Казахстана прибыл с рабочим визитом в Афганистан

По приглашению афганской стороны Заместитель Премьер-министра – Министр иностранных...

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы...

Әке үмітін ақтаған ұл

   Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының...

Білікті маман Мамытов

Мақаламыздың кейіпкері – Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі бастығының ...