«Сұрап алған атақтың қадірі не? «. Мақпал Жүнісова Анатолий Цой туралы

Отандық әнші Анатолий Цой Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алу үшін президентке хат жазды. Әншінің өтініші қабылданып, жақында президенттің орынбасарымен кездеспек. Бұл ретте Мақпал Жүнісова әріптесіне өз кеңесін айтты.

Бұл туралы PAPARAZZI бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Анатолий Цой Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуға өзін әбден лайық санайды. 20 жыл осы салады еңбек еттім деп ақталды бір сұхбатында. Істі ақырына дейін апармақ болған әнші бұл өтінішін хат арқылы президентке жазды. Әншінің өтініші қабылданғанға ұқсайды. Жақында әнші президенттің орынбасарымен кездеспек.

«Маған әлі 24 жастасың, жассың, саған атақтың не керегі бар дегендер болды. Мен дәл осы атаққа өзімді әбден лайықпын деп ойлаймын. Себебі, осы салады қызмет еттім. Қаншама қайырымдылық концерттерге қатыстым. Тіпті осы үшін азаматтығымды өзгерткен жоқпын», — деді әнші.

Әріптесінің бұл әрекеті әншілердің бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Сұрап алған атақтың қадірі болмайды дегендер бар.

«Мен жақында ғана «Құрмет» орденін алдым. Сөйтсем бұл атақты біраз әнші алып алған екен. «Енді ғана алып жатырсың ба?» деп сұрағандар болды. Мен атақ қуып, ешкімге хат жазып көрмеппін. Атақты халық береді. Атақсыз да абыройың тасып жүруге болады. Сұрап алған атақтың қадірі не? Беріп жатса, алсын. Бермесе өзің сұраған ыңғайсыз секілді. Халық жақсы қарсы алып жатса, қошеметтеп жатса сол жақсы атақ емес пе?», — деді Мақпал Жүнісова.

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...

Балхашский тигр Туран приехал в Алматы

Сегодня в Алматы произошло необычное и запоминающееся событие —...

Балқаш жолбарысы Тұран Алматыға келді

Бүгін Алматыда ерекше әрі есте қаларлық оқиға болды —...

Астанадағы сайлау таңы ерекше басталды

Астанадағы сайлау таңы ерекше басталды: дауыс беру учаскесіне халатын...