12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Кездесуге барамын»: Қуат Хамитов енді ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруына көз салды

Бұған дейін Сабина Алтынбекова көз салған қазақстандық файтер Қуат Хамитов «Қызылорда арумен» кездесуге ниетті екенін мәлімдеді.

Қызылорда аруының ыдыс жуып, нәпақа тауып жүрген желіде сөз болды. Кейіннен қазақстандық БАҚ ол туралы жазды. Тіпті ресейлік шоудан шақырту алды. Алайда Гүлнұр Нұртаза Ксения Собчактың шоуына қатысудан бас тартқанын айтты.

Қуат Хамитов Гүлнұрдың әрекетін қолдап, жазба қалдырды. БАҚ өкілдері спортшы енді Қызылорда аруына көз салды деп жарыса жазды. Бұған спортшының берер жауабы дайын.

«Ол біздің инста жұлдыздарымыз сияқты жаңа телефон ұстап, жаңа сәнде киініп, көлік жүргізіп, беделді жерде тұрып, сатылуы мүмкін еді. Бірақ оның орнына ол лайықты жолды таңдады! Үлгі. Мұндай қыздарға лайықты ер адамдар үйленеді! Иә, көп ұзамай мен онымен кездесуге барамын!», — деп атап өтті Хамитов.

Спортшының желідегі оқырмандары түрлі пікір жазып қалдырды.

«Ыдыс жуса не қылады екен. Не жуса да иманы бар қыз болса болды», «Алып қаш Қуат, айырылып қаласың», «Қызылорданың қыздары солай», «Әр қызға бір көз салмай үйленсеңізші, таңдаған тазға жолығады», «Оның істеп жүргені хайп қой, қайдан үйленсін», «Жарасып тұрсыздар, қыз не дейді екен?», — деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы шынымен ұнататынын және оған үйленетінін айтқан болатын. Сабинаның өзі Хамитовты құрметтейтінін мойындап, оған спорттық жетістіктерде сәттілік тіледі. Спортшы өзінің жеке жетістіктері туралы үнсіз қалды.

Хамитов Сабинамен не себепті үйленгісі келетінін ашық айтты. Ал Алтынбекова бейтаныс жігіттің суретін жариялап, өзіне үйленгісі келетінін айтқан еді. Бұл Хамитовтың ашуын келтірді.

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...

Тәлімгермен кездесу

IІO алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби денгейін арттыру мақсатында ҚР...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...