Үйленбей тұрып Бурабайға бардық — Жұлдыз Әбдікәрімова

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен қыз-жігіт болып кездесіп жүрген кездегі қызықты оқиғаларын айтып, көпшіліктің көңілін көтерді. Актриса демалысқа барған уақыттағы қызықты жайттарды баяндады.

«Біз отбасын құрмай тұрып та Бурабайға жиі баратынбыз. Бірде әпкем, мен, Қайрат және оның досы болып демалуға келдік. Қайыққа мініп, квадроциклмен қыдырып, велосипед теуіп, уақытты керемет өткіздік. Үйге қайтар күні тау мен тасты аралап, серуендеп жүргенбіз. Қайрат бір тасқа «Қайрат+Жұлдыз» деп қашап жазып: «Мұны ешкім ешқашан өшіре алмайды» деп мәз болған. Біраз жүрген соң қарнымыз әбден ашып, түстенейік деп үйге келдік. Есік ашылмайды. Кілтті қалай бұрасақ та, ашылар емес. Сөйтсек романтик мырзамыз «Қайрат+Жұлдыз» деп тасқа осы кілтпен қашап жазғанда, кілттің тісі кетіп, мүжіліп қалыпты», — деп жазды Әбдікәрімова.

Осыдан соң екі жас бөлмесіне кіре алмай әбден қиналған екен. Қайрат екінші қабатқа өрмелеп шығып, заттарын алып қашқан көрінеді.

«Ол кезде ұялы телефон да жоқ. Пәтер екінші қабатта орналасқан. Оның үстіне терезесі тормен қоршалған екен. Кетер кезде ішкі жағын ашып кеткенбіз. Арамыздағы ең арығы Қайрат еді. Екінші қабатқа өрмелеп, тордың арасынан өтіп, ішке енді. Бірақ есік іштен де ашылмады. Тордың арасынан біртіндеп киімдерімізді лақтырып, заттарды шығарып алды. Үй иесіне ақшасын алдын ала төлеп қойғанбыз, тек кілтін бүлдіріп алғанымызға қорықтық па, өткізбей кетіп қалдық.

Қанша жыл өтсе де Бурабайға барған сайын Қайрат екеуміз осы оқиғаны еске алып, сол апай не істеді екен деп уайымдап та, балалығымызға күліп те аламыз», — деп жазды Жұлдыз.

Бұл оқиғаны Жұлдыз Әбдікәрімова өз кітабына естелік ретінде жазғанын атап өтті.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...