Мьянмада интернет толық дерлік өшірілді

Мьянмадағы наразылықтар аясында интернет толығымен дерлік өшірілді. Бұл туралы әлем бойынша интернеттің жұмысын талдайтын NetBlocks үкіметтік емес ұйымы әлеуметтік желіде жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

NetBlocks мәліметінше, Мьянмада интернет тек 14 пайызға қолжетімді. Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:30-да елде интернет толық дерлік өшірілген.

«Генералдар Мьянма халқына соғыс жариялаған сияқты: түнгі рейдтер, ұсталғандар және құқығы тапталғандар саны артып жатыр, интернет тағы өшірілді, әскерилер елді мекендерге кіріп жатыр. Бұл үміт жоқ дегенді білдіреді. Генералдар, назар аударыңыздар: сіздер жауап бересіздер», — деді Мьянмадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Томас Эндрюс.

Еске салайық, Мьянмада 1 ақпанда әскери күштер билікті басып алып, президент Вин Мьин мен Нобель сыйлығының лауреаты, мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи ұсталды. Елде төтенше жағдай жарияланды.

О новом механизме лишения лицензии частных судебных исполнителей

24 июня 2026 года Главой государства подписан Закон Республики...

ОСМС в Казахстане: что важно знать каждому в 2026 году

Обязательное социальное медицинское страхование (ОСМС) остается одним из ключевых...

ОСМС: новые возможности для здоровья казахстанцев

Система обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) является важным элементом...