«Қызым ұрады, қабырғамды сындырды»: Тараз тұрғыны туған қызынан зәбір көріп жүр

Құрсағын жарып шыққан қызының қорлығын анасы кешіре ала ма? Өз қызынн жәбір көрген ана арнайы «Кел, татуласайық» бадрламасына келіп, араша сұрап отыр, деп жазады stan.kz.

Анасы мен қызы талай мәрте ақшаға, басқа таласып қалған екен. туған қызы қартайған шағын анасын өз үйінен қуып жібергені рас па?

«Мен күйеуіммен 2010 жылы ажырастым. Үлкен үйімізді сатып, ақшасын теңдей бөліп алдық. Ол өз жолымен кетті. Мен өз жолыммен кеттім. Үлкен қызым астанада тұратын еді. Соған хабарласып айттым. Мен мына ақшаны не істеймін? Үй алуға жетпейді дедім. Ол күйеуі, бала-шағасымен келіп, бізді алып кетті. Бізбен тұрасың. Ақшаны маған бер. Жер алып, үй салып берем деді. Ақшаны санап бердім. Мені бала-бақшаға аспаз қылып жұмысқа кіргізді. Балам екеуміз пәтерде тұрдық. Балам оған ақшаны неге бересің деп күнде арақ ішетін болды. Сосын бір күні қызымнан сұрадым. Ақша қайда? Үй қайда? Не істейміз деп. Сөйтсем, қызым сенен ешқандай ақша алған жоқпын деді. Берген уәдесінен айнып шықты. Үйіне барып едім, ұратын болды. Ұрып қабырғамды сындырды. Ауруханада талай рет емделдім», — деді ашынған ана.

Қызынан зәбір көрген әйел көпшіліктен көмек сұрайды. Берген ақшасын қайтаруды талап етеді. Әжей дәрігердің қарауында болған. Қолында қабырғасының сынғаны туралы рентген қағаздары бар.

Ана мен қызының арасындағы жанжал неден басталды? Қызының анасын ұрғаны рас па? Қызы анасын не себепті алдап кетті? Бұл туралы алдағы уақытта белгілі болады.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...