12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2021 жылдан бастап 4 баласы барлар көп балалы аналар санатына жатпайды

2021 жылы төрт баланы өмірге әкеліп, бағып-қағып жатқан әйелдер көп балалы аналар санатына жатпайды! Тіпті олардың жәрдемақасы да қысқаратын болады. Әлеуметтік желіде дәл осы сарындағы әңгіме желдей есіп, қызу талқылануда. Бұл шынымен рас ақпарат па, әлде құр қауесет пе? Жұртты екіұдай ойға қалдырып қойған бұл жағдайға қатысты еңбек министрлігі қандай уәж айтты?

Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлайды, деп жазады stan.kz.

«4 балалы аналарды алып тастайды деген келіспеймін. Баланың бағудың өзі оңай емес.  Қарсымын мүлдем!», — деді көп балалы ана Марина Нүсіпова.

Бұл күнде әлеуметтік желіде 4 балалы аналардың жәрдемақысы қысқартылып, тіпті 2021 жылы олар «көпбалалы аналар» санатына кірмейді деген алыпқашпа әңгімелер тарауда. Ондағы жазбаларға үңілсек, алдағы жылы төртінші перзентін босанатын әйелдер, әлгі көмекке ілінбейді екен.

«Көп балалы санатын алып тастай берген дұрыс. Қазір әр балаға 11500 теңгеден беріп жатыр. Баласы бар аналар 44000 алып жатыр айына. Мысалы, ол баланың тамағы бар, киім-кешегі бар. Демеу болады деп ойлаймын! Қазіргі уақытта азық-түлік те қымбаттап жатыр»,- деді көп балалы ана Айнұр Ысқақова.

Мәселенің жай-жапсарын білмек болып еңбек министрлігіне хат жолдадық. Құзырлы органдағылар мұның әншейін қауесет екенін, шындыққа еш жанаспайтынын хабарлады.

Төрт балалы аналардың жәрдемақысын қысқарту, оларды көп балалылар санатынан алып тастау мәселесі мүлдем қаралып жатқан жоқ екен.

«Ресми ақпарттарға ғана сүйенуді, соған сенуді соған сүйене отырып, ақпарттарды, жалған ақпарат тартпауға шақырам азматтарды. Бұл бағытта менің айтарым: ол көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі, ол 2000 жылдың басынан келе жатқан жүйе. Оны алып тастау қаралған жоқ. Оны керісінше, өздеріңіз білесіздер оны биылғы жылдан бастап біз отбасының құрамындағы бала санына қарай әлеуметтік төлем жүйесін диффренциалды түрде тағайындауды жүзеге асырдық», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Асқар Ниязов.

Министрліктің мәліметінше, елімізде көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 400 мыңға жуық отбасы алды. Ал 1 шілдеден бастап көп балалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыға қол жеткізіпті. Атап айтқанда, «Өткен жылдардан, мысалы айтсақ, отбасыларға жалпы төленетін ақшаның көлемі 10 500 тенгені құрап отырды. Ал қазіргі таңда 4 баласы бар отбасыға 44500 теңгенің көлемінде. 5 баласы болса, 55 мың теңгенің көлемінде. Яғни, әрбір бала қосылған сайын, 11 мың теңге көлемінде қосымша қосылып отырды. Бұл және де баламен шектеліп қалып жатқан жоқ. Керісінше сегізінші баладан бастап, әр балаға 4 МРП-дан қосымша төлем төленеді», — деді Асқар Ниязов.

Айта кетейік, аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп, кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Мәселен қаңтар-қазан айында көп балалы аналарға 191 миллиард теңгеге  жуық жәрдемақымен тағайындалыпты.

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...