12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сенатор жұмыртқа мен тауық еті бағасына қатысты ұсыныс айтты

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов жұмыртқа мен құс етінің қымбаттауына жем бағасының өсуі себеп болғанын айтты. Ол премьер-министрден шара қолдануды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Соңғы уақытта елімізде құс шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен бағасы тұтынушылар көңілінен шықпайтынын білеміз. Мысалы, былтыр желтоқсанда бір келі тауық етінің бағасы 930 теңгеден 950 теңгеге дейін болса, ал биыл қаңтар-ақпанда жұмыртқаның өзі 600 теңгеге дейін өсті.

Құс жеміне жұмсалатын қаржы тауық пен жұмыртқа құнының 70 пайызы. Құс жемінің негізгі құрамдас бөлігі бидай, жүгері және соя бағасы соңғы екі жылда 1,5-3 есе өсті, құс өнімдерінің бағасы тұрақты өседі», — деді депутат Сенат отырысында.

Сондай-ақ, ол кейбір отандық құс фабрикалары жабылу алдында тұрғанын, ал құс етінің негізгі бөлігі Қазақстанға Ресей мен Беларусьтен келетінін атап өтті.

«Тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасы өсіп барады. Мұның бірнеше себебі бар. Олардың ішінде елімізде асыл тұқымды құстарды өсіру бойынша проблемалар бар. Сондықтан оларды импорттау керек. Сонымен қатар, құс өсірушілер шетелден кәсіпорындары үшін қажетті жабдықтар, дәрумендер, арнайы жем әкелуге мәжбүр. Біздің елімізде құс өсіру үшін астық пен шөптен басқа ештеңе жоқ деп айтуға болады», — деп толықтырды сенатор.

Сұлтан Дүйсембинов баға мәселесін шешу үшін құс өсірушілерге мемлекет тарапынан қолдау қажет екенін айтты.

Сенатор Үкімет сала кәсіпкерлері үшін лайықты жағдай жасауы тиіс деп санайды.

«Ол үшін бес жылдық кредиттік демалыс ұйымдастыруға жәрдемдесу, сақтандыру жарналарын және асыл тұқымды құс басын сатып алуды субсидиялау, жемшөп қорын құру, әкімшілік кедергілерді жою және бәсекелестіктен қорғауды ұйымдастыру қажет», — деді Сұлтан Дүйсембинов.

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда жұмыртқа бағасы негізсіз көтерілгенін мәлімдеген еді. Баға өсуінің бірқатар негізгі себептері де аталды. Олардың ішінде бағаны келісіп көтеру жағдайлары да бар.

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...

АКЦЕНТ – НА ОПЕРЕЖАЮЩИЕ ПОДХОДЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕМ ПРАВИТЕЛЬСТВА №1117 ОТ 19 ДЕКАБРЯ 2025 ГОДА В...

ПОЧЕМУ МЫ БОЛЬШЕ НЕ ЧУВСТВУЕМ ПРАЗДНИКИ?

ПРАЗДНИК РЕДКО ОПРЕДЕЛЯЕТСЯ ВНЕШНИМИ АТРИБУТАМИ, ХОТЯ ИМЕННО ОНИ ЧАЩЕ...

ОБ ОБРАЗОВАНИИ И КУЛЬТУРНОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ

5 января 2026 года Президент Республики Казахстан Касым -Жомарт...

СТРАТЕГИЯ: КУРС В ЭПОХУ ИИ

Объявление 2026 года Годом развития цифровизации и искусственного интеллекта...