LRT құрылысы жалғаса ма? Алтай Көлгінов жауап берді

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысын жалғастыру үшін шетелдік инвесторлар іздестіріліп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«LRT құрылысы бәрімізді алаңдатып отыр. Пандемия кезеңінде оны жалғастыру мәселесі тоқтатылды. Өйткені тек Қазақстаннан ғана емес, халықаралық екінші деңгейдегі банктерден де қаржы тарту қажет болып отыр. Қазір бұл жұмыс қайта жанданды. Банктермен келісім жасалса, жұмысты жалғастыра аламыз», — деп түсіндірді Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде.

«Иә, шын мәнінде, бұған дейін салынған LRT бағандары қаланың келбетін бұзып тұр. Құрылысқа көлемді қаражат жұмсалды. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру қажет. Қазір банктермен инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді ол.

Айта кетейік, экс-шенеуніктер Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысына қатысты ұрлық ісі бойынша іздестіріліп жатыр.

Ардан 2014 жылдан 2017 жылға дейін «Астана LRT»-ны басқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің айтуынша, ол ұрлық дерегі анықталғанға дейін елден шығып кеткен.

Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық схеманы шетелдік және қазақстандық компаниялардың көмегімен ұйымдастырғанын мәлімдеген болатын.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...