Ескертусіз тексеруге енгізілген мораторий кәсіпкерлердің тәртібіне ықпал еткен — қаржы министрі

Ескертусіз жүргізілетін тексерулерге үш жылға мораторий енгізгенен кейін кәсіпкерлер тәртібі төмендеген. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2020 жылдан бастап кәсіпорындарды тексеруге енгізілген мораторийдан кейін кассалық тәртіптің сақталмау дерегі көбейген. Көп кәсіпкер бұл бастаманы салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қолданып жүр. Тек 2020 жылдың өзінде «Азаматтық бақылау — Чекті талап ет» жобасы аясында МКК-ға заңбұзушылықтар туралы 16,5 мың хабарлама мен видео келіп түсті», — деді Қаржы министрлігінің басшысы үкімет отырысында.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мораторий салдарынан Мемлекеттік кіріс органдары жеті мың шағымға тексеру жүргізіп, жауап бере алмаған.

Ол Қаржы министрлігі Президент Жарлығы азаматтардың шағымдары мен мораторийді жосықсыз қолданатын субъектілерді тексеруге мүмкіндік бермейтіндіктен оған түзетулер енгізуді ұсынғанын атап өтті.

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...

Мемлекеттік тіл – мәртебесі биік құндылық

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің айбыны мен елдіктің айғағы. Тіл...