Ұйықтап, қайта оянбады: Стационарда ерікті болып жұмыс істеген 22 жастағы қыз көз жұмды

Бішкекте ашылған күндізгі стационарлардың бірінде ерікті болып жұмыс істеген Медицина академиясының 22 жастағы студенті көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онымен бірге жұмыс істеген Бекзат Абдрахмановтың сөзінше, Адинай Мырзабекова ҚММА-ның 5 курс студенті болған. Бекзат онымен бірге күндізгі стационарда 11 күн жұмыс істеген, олар жеңіл және орташа ауырлықтағы науқастарға көмек көрсеткен.

14 шілдеге қараған түні, жұмыстан кейін, Мырзбекова демалуға жатып, содан кейін қайта оянбаған.

Жедел жәрдем қызметінде реаниматологтың болмауына байланысты қызға көмек көрсету мүмкін болмады.

Бекзат Абдрахмановтың айтуынша, марқұм денсаулығына шағымданбаған. Бірақ, жігіттің пікірінше, егер дәрігерлерді стационарға жұмысқа жіберер алдында тексергенде, оны құтқарып қалуға болар еді.

«Денсаулық жағдайын дұрыс тексеріп, осы тексеру нәтижелері бойынша жұмысқа бөлу керек еді. Егер Адинайдың денсаулық жағдайын білсе, оны құтқара алар еді. Бізде ешкім білмеді. Біз мұнда өз еркімізбен жұмыс істеуге келдік, себебі бұл біздің жұмысымыз. Ректорат ешкімді мәжбүрлемеді», — деді Абдрахманов.

Ал бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Адинай Мырзабекованың отбасына барды. Президент Адинайдың ата-анасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтты және еске алу дұғасын оқыды.

«Жұбаныш сөздерді айту қиын, бұл сіз үшін үлкен жоғалту, оны ешқандай сөзбен толтыру мүмкін емес. Сіздің қайғыңызға ортақпын, өз уақытында баласын жоғалтып алған анамды есіме алып отырмын», — деп басу айтты президент Адинайдың анасына.

«Сіз осындай тамаша, көңілді, адамдарды сүйетін қызды тәрбиеледіңіз. Сіздерге, ата-анасы, туған-туысқандарыңызға денсаулық, шыдамдылық және ұзақ өмір тілейміз», — деп атап өтті президент.

Сонымен қатар,  Сооронбай Жээнбеков жарлыққа қол қойып, оған сәйкес ерікті жанқиярлық еңбегі және коронавирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі үшін Адинай Мырзабекова қаза болғаннан кейін «Эрдик» медалімен марапатталды.

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...