Қостанай облысында карантин жеңілдетілді

Қостанай облысында жедел штаб отырысы өтіп, нәтижесінде сенбі күндері бірқатар нысан мен қоғамдық көліктерге жұмыс істеуге рұқсат етілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов каратинге қандай жеңілдіктер енгізілгенін хабарлады.

«Қоғамдық тамақтану объектілеріне сенбі және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін. Сонымен қатар, спа-орталықтар, монша және сауналар, жабық спорт нысандары мен фитнес-орталықтарына сенбі және жұмыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Жабық және ашық азық-түлік базарының жұмысы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін сақталсын», — деп хабарлады Қостанай облысының жедел штабының қызеткері.

Сонымен қатар, аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары мен дүкендер сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Мешіттер, синагогалар мен шіркеулер ашылады. Қоғамдық көлік жексенбіден басқа барлық күндері 23:00-ге дейін жүреді.

Бірақ аймақ басшысы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды сұрады.

Айта кетейік, 12 қаңтарда Қостанай облысы «қызыл» аймаққа кірді. Кейін карантин күшейтіліп, сенбі күндері сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынды, ал оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...

Ақпараттық қауіпсіздік: цифрлық дәуірдің маңызды талабы

Қазіргі қоғамда «ақпарат» ең құнды ресурстардың біріне айналды. Мемлекеттік...