Францияда батареядан қуат алатын жасанды жүрек жасалды

Франциялық Carmat компаниясы литий-ионды аккумуляторлармен жұмыс істейтін жасанды жүрек жасады, — деп хабарлайды Unilad.

Басылым мәліметінше, Aeson деп аталатын жасанды жүрек адам жүрегінен үш есе үлкен және смартфондарға қуат беретін литий-ионды аккумуляторлардан қуат алады. Компания жасанды жүрегін 27 жыл бойы әзірлегені атап өтілді.

Жүректе қалыпты қан ағымын имитациялауға арналған сезбек пен гидравликалық жүйе бар, сонымен қатар жоғары жылдамдықты қолдау үшін ағынның жылдамдығын нақты уақыт режимінде реттей алады. Яғни, төсек тартып жатып қалған науқас осы жүрек арнқылы күніне төрт сағанқа дейін жүре алады. Бір құрылғыны бес жылға дейін қолдануға болады.


Unilad

Carmat компаниясының жасанды жүрегі адам жүрегінің қызметін имитациялайды және қан ағынын жеңілдететін төрт биологиялық қақпақшасы, екі қарыншасы, екі микропомпасы және қондырылған сезбектері, сонымен қатар оның жұмысын бақылау үшін сыртқы жабдықты, батареялар орнатылған консолі бар.

Компания жасанды жүректі сату үшін еуропалық реттеушілердің рұқсатын 10 жыл күткен. Осылайша, Carmat еуропалық тарихта бірінші болып 2021 жылдың екінші жартысында нарыққа шығатын жасанды жүректің маркетингілік рұқсатын алды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...