Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысына дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат етіледі, бірақ жексенбі күндері тыйым салынады.

Сондай-ақ, қаулыда былай делінген:

  • азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарларға жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде, ал азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарларға, жексенбі күндерін қоспағанда, толымдығы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге кемінде төрт шаршы метр сақталған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты, бетперде тағу режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып штаттық режимде жұмысына рұқсат етілсін;
  • қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мекемелерде), оның ішінде СОО-да орналасқан объектілердің қызметі 07.00-ден 23.00-ге дейін және шоттар бойынша төлемді 22.00-ге дейін жабу (толтырылуы 50 пайызға дейін, 50-ден артық емес, әр үстелде төрт отыратын орын, әлеуметтік қашықтықты, маска тағу режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау) және ұжымдық іс-шаралар өткізбеу;
  • фудкорт үшін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тек СОО-дан және сауда үйлерінен тыс жерлерге шығуға және уақыт бойынша шектеусіз жеткізуге рұқсат етілсін. Тамақтану алаңы жабылады.

Қаулы бүгін, 1 ақпанда күшіне енді. Жандарбек Бекшиннің бұрынғы қаулысы күшін жойды.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...