Қазақстанның сегіз қаласында метеожағдай қолайсыз болады

1 ақпанда Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Семей, Өскемен қалаларында метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Тараз, Орал, Шымкент қалаларында ауа райы қолайлы болады.

Қолайсыз метеожағдайлар дегеніміз — қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың болуы. Яғни, тымық күн, әлсіз жел, тұман, атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін инверсия. ҚМЖ пайда болған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайды болжау — жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...