Алматыда карантин жеңілдетіледі

Алматыда карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«28 қаңтарға дейін болған талаптар сақталады. Қаулы қабылданғанға дейін қандай режим болса, сол күйінде толығымен қайтарылады. 28 қаңтарда қабылданған қаулыны жеңілдету туралы түзетулер енгізіледі. Біз қазір құжат дайындап, түзетулер енгізіп жатырмыз және оны жақын арада жариялаймыз», — деді Байғабылов Tengrinews.kz тілшісіне.

Еске салайық, 28 қаңтарда Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада 1 ақпаннан бастап кез келген түрдегі коронавирус жұқтырған науқастар ауруханаға жатқызылады деген шешім шығарған еді. Сонымен қатар, қалада Алматының «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты карантиндік шараларды күшейткісі келген. Бірқатар нысанның қызметі шектелген. Сауда орталығы демалыс күндері жұмыс істемейтіні айтылған еді. Сонымен қатар театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салынған болатын.

Артынша Алматы «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысқаннан кейін, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Жандарбек Бекшин қаулының талаптары жеңілдетілетінін айтқан. Бүгін Алматы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа енген еді.

ПРОВЕДЕНА ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ

Департаментом проведена профилактическая разъяснительная работа среди сотрудников аппарата акима...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Департамент қызметкерлері Е.Рысқұлбек және Р.Нурутдинова Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының...

90 жылдық тарихы бар қоғам қайраткері

Олжас Омарұлы Сүлейменов - Қазақстандық поэт, жазушы, әдебиеттанушы, дипломат...

ПОЛВЕКА МЕЖДУ ПЛАМЕНЕМ И НАНОНАУКОЙ

Научный феномен Зульхаира Мансурова В ряду выдающихся деятелей казахстанской науки,...

Апостильдеу туралы құқықтық насихаттау

Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі...