Көпбалалы алматылықтар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

Алматыда қоғамдық көлікте тегін жүре алатын адамдар категориясы кеңейді. Енді қалалық автобустарда көпбалалы аналар да тегін жүре алады. Мұндай шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алқасымен марапатталған 4663 көпбалалы анаға тегін жол жүру құқығы беріледі.

Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, қалада 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін 1161 адам бар. Бұл санаттағы адамдарға 50 пайыз жеңілдік беріледі.

«Бұл шешім «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы жаңа Заңға сәйкес, сондай-ақ, қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен оны қорғау мақсатында қабылданды», — деді қала басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, бұған дейін тоғыз категориядағы азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүре алатын. Олар:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  • 75 жастан жоғары зейнеткерлер;
  • I және ІІ топтағы мүгедектер және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар.

Сонымен қатар, келесі топтағы адамдарда 50 пайыздық жеңілдік бар:

  • 15 жастан жоғары жалпы білім беретін мектеп оқушылары;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, күндізгі оқыту жоғары оқу орындарының студенттері;
  • зейнеткерлер.

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...