ДСМ коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағанын мәлімдеді

Қазақстанда қаңтарда коронавирус жұқтыру дерегі желтоқсанмен салыстырғанда 10 пайызға өсті. Оның 73 пайызы еліміздің сегіз облысынан анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоранов инфекциялық орындардың 31 пайызына (6 492 төсек), реанимациялық орындардың 20 пайызына (374 төсек) науқастар орналастырылғанын хабарлады.

«Соңғы екі айда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалды. Қазақстан «жасыл» аймақтан «қызыл» аймаққа ауысты», — деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі ОКҚ баспасөз конференциясында.

«Қызыл» аймаққа БҚО, Атырау облысы, Нұр-Сұлтан және Алматы кірді. Сондай-ақ, СҚО, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары да осы қатарда. «Сары» аймақта Қарағанды облысы, қалғаны «жасыл» аймақта.

«Күнделікті мониторинг мәліметіне сүйенсек, қаңтарда желтоқсанмен салыстырғанда коронавирус жұқтыру дерегі 10 пайызға өскені байқалады. Бұл сегіз аймақтың «қызыл» деңгейге өтуіне байланысты. Бұл өңірлерде республика бойынша 73 пайыз коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген», — деді ол.

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...

Балхашский тигр Туран приехал в Алматы

Сегодня в Алматы произошло необычное и запоминающееся событие —...

Балқаш жолбарысы Тұран Алматыға келді

Бүгін Алматыда ерекше әрі есте қаларлық оқиға болды —...

Астанадағы сайлау таңы ерекше басталды

Астанадағы сайлау таңы ерекше басталды: дауыс беру учаскесіне халатын...