«Қасым хан» сериалының түсірілімінде 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланған

«Қасым хан» көпсериялы тарихи телехикая түсіру кезінде 30 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған. Алматы бойынша ЭТД «Қазақфильм» АҚ-тың «Қасым хан» киножобасы» филиалының директоры К.С. Ахметовке және басқа тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу барысында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «Қасым хан» тарихи сериалының түсірілімінде қолдану үшін пиротехника сатып алуға бөлінген 29,9 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұрланғаны дәлелденді. «Қазақфильм» АҚ-қа келтірілген залал сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде толық көлемде өтелді», — делінген хабарламада.

Сот айыпталушыларды ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, «Қасым хан» киножобасының» бұрынғы директорын екі жылға бас бостандығынан айыру, ал іске қатысы бар екі қызметкерге үш жылға дейінгі мерзімде бостандығын шектеу, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, қазақтың әйгілі билеушілерінің бірі — Қасым ханның өмірі туралы баяндайтын көпсериялы тарихи киножобаны мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіріп жатыр. 2019 жылдың жазында Алматы облысының көркем жерлерінде басталған түсірілім жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...